Бүгін алғаш рет қанатқақты жоба негізінде Федоров ауданында аудан әкімі сайлауы таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады. Дауыс беру үй-жайлары талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылған. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер апарылатын болады. Бұл сайлау учаскесі бойынша әзірге бір азамат үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Ең алғаш дауыс бергендердің қатарында 79 жастағы федоровтық тұрғын Ивери Удесиани да бар.
Ардагер ауданның дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азамат бейжай қарамау қажеттігін айтты.
Қария өз таңдауын жасағаннан кейін тілек білдіріп, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, алғаш рет дауыс беруші Валерия Рихтер да бар.
– Мен бүгін алғаш рет сайлауға қатысып тұрмын. Мен үшін маңызы күн десем де болады. Ауданымыздың болашағы үшін саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышы, – дейді жас сайлаушы.маңызды күнде тұңғыш рет дауыс берген бес азаматқа сыйлықтар үлестірілді.
Тағы бір ерекше сайлаушы ол Евгений Сыщенко. Оның туған күні бүгінгі саяси додамен қатар келіпті.
Ол үшін бүгін ерекше күн екенін айтады.
33 жастағы аудан тұрғынына тосынсый жасалды.
№793 сайлау учаскесі бойынша 18 жасқа толған бес азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды.
Айта кету керек, бұл сайлау учаскесі бойынша 560 сайлаушы тіркелген. 12.00-ге дейін 20% өз таңдауын жасады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Федоров ауданы