ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Айжан Нұрмағамбетованың сахнадағы шығармашылығына 45 жыл. Осыған орай, өнер иесі Қостанайда концерт берген еді. Туған елге сапарлап келген әншімен тілшіміздің дидарласу сәті түсті.
– Қостанай облысының тумасымын деп әр сұхбатта мақтанышпен айтып жүремін. Бұрын жалғыз едім, қазір Әміре мен Сүндет Байғожин бар. Олармен апалы-інілі сыйластығымыз жақсы. Сахнада өзімді Томирис сезінемін. Жиі жолықпасақ та, концерттерде кездесіп, бір жасап қаламыз. Өтінішімді де жерде қалдырған емес. “Бақыт деген сенің бала күндерің” деген жобамның жетінші маусымы өтіп жатыр. Байқау 6-16 жас аралығындағы балаларға арналған. Қазақстанның әр түкпірінен балдырғандар келеді. Жанды дауыста ән айтып, екі кезеңде бақ сынайды. Галаконцертте өздері қалайтын бір әншіні таңдап, бірге өнер көрсетуге мүмкіндіктері бар, – дейді әнші тілшімізбен сұқбатында. Бұл сұқбатты газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.