Редакциямызға “Қостанай таңының” оқырмандарына арналған ұтыс ойынының жеңімпазы Әлия Шененованың жақыны Гүлжан Әбдікәрімова келді. “Қостанай таңы” газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы редакция мейманына тілегін білдіріп, бас демеуші “Тобыл” футбол клубы ұсынған ұтыс иегерінің смартфон сыйлығын табыс етті.
“Жақында өткен “Қостанай таңының” онлайн ұтысынан жеңгем осы бір тамаша сыйлықты ұтып алды. Өте қуаныштымыз. Бала кезімде “Қостанай таңы” газетін ата-анамыз отбасымызбен жаздырып алатын. Қазір өзім де жазыламын. Газет бетінде ауқымды, сапалы материалдар шығады. Оқырмандарыңыз көп болсын. Біз әлі де сіздермен біргеміз, – дейді Гүлжан.