Қос кітаптың тұсауы кесілді

Қос кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін, Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақ журналистикасының қайраткері Дина Ғисақызы Әбішеваның «Сарғаскер Әбіш» және «Қайсар қыз» кітаптарының тұсаукесері өтті. Автордың «Сарғаскер Әбіш» тарихи-деректі кітабына – Арғын тайпасының Тағышы руынан шыққан батыр, Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі – сарғаскер Әбіш Рысбаевтың халық көтерілісі мен жұртына сіңірген еңбегі арқау болған.

Ал, «Қайсар қыз» повестер жинағына әр жылда баспасөз беттерінде жарық көрген әңгімелері мен көркем аудармалары және повесі енген.

Талантты қаламгер өткен тарихты қайта тірілтіп, тізерлеп зерттеп, зерделеген туындысы мен әдемі үйлесім тауып, ой-сезімді сілкіндірерлік пайымдары мен нәзік сыршылдығы ерекше толғандырған шығармалары топтасқан 50 жуық кітабын облыс кітапханаларына сыйға тартты.

Ботакөз Дүйсембаева,

Л. Н. Толстой атындағы 

ҚОӘҒК кітапханашысы

Жаңалықтармен бөлісу