Қостанайлық полицей Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының күміс жүлдегері

Қостанайлық полицей Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының күміс жүлдегері

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өтті. Спорттық іс-шараға 100-ден астам елдің өкілдері қатысты. Жауынгерлік самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  ПД  қызметкері Асқар Абдулла қатысып күміс медельді жеңіп алды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

– Турнирлік  бәсеке жоғары деңгейде өткендіктен дайындық тыңғылықты болды. Мен өз елімнің атынан шыққандықтан үлкен жауапкершілікті сезіндім. Жарыста жақсы өнер көрсеткеніме қуаныштымын», – дейді полиция қызметкері.

Асқар Абдулла 98 келі салмақта екінші орын алып, ел қоржынына күміс медаль салғанын айта кетейік.

Жаңалықтармен бөлісу