Мен 1978 жылы 7 қарашада Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Степняк ауылында дүниеге келдім. Психология және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар.
Мемлекеттік қызметте 17 жыл жұмыс істеймін. Еңбек жолын 2004 жылы Қостанай қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастадым, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істедім. 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың наурызына дейін “KAZAKH INVEST “ҰК” АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік директорының орынбасары болып жұмыс істедім. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарамын.
Сайлауалды бағдарламамда шағын және орта бизнесті қолдаудың, әсіресе оның ауылдық жерлерде дамуының маңыздылығын атап өтемін.
Қаражат кандидаттың сайлау қорынан төленді.