Полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

Полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

Тобыл өзеніндегі үлкен көпірдің қоршауында жас жігіт тұр деген хабар кешкі сегіздер шамасында 102-ге түсті деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жаслан Төлегенов пен оның серіктесі аға лейтенант Бауыржан Қарасартов бар автопатруль келді. Патрульдік полиция жігіттің көпірден құлап кетпеуі үшін барлық шараларды қолданған.

Оны қоршаудан қауіпсіз жерге шығарғанда, ол қызбен туындаған мәселелерді осылай шешуге шешім қабылдағанын түсіндірген.

Жаңалықтармен бөлісу