Академиктің өнегелі өмірі жас ұрпаққа мың жылдық азық боларлық. Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы, халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше – корреспонденті, халықаралық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ауданымздың «Құрметті азаматы» Оразхан Аймақовтың киелі Торғай топырағына аяқ басып, шығармашылық кешін ұйымдастырды.
Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов кеш иесін құттықтап, ізгілікті ілтипатын, ғалымның жеткен жетістіктерімен бүкіл Торғай халқы мақтанатындығын жеткізді. Оразхан Аймақұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
«Туған жерге келіп, шығармашылық кешімді өткізгенім баға жетпес бақыт деп білемін. Мен сіздердің алдарыңызда ғылым саласында атқарған жұмыстарымды саралап, есеп беріп тұрмын. Қасиетті Торғай жерінің топырағы киелі. Торғай жеріндегі жусанның емдік қасиеті барын зерттеп жүрмін. Қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бұл жусан шөбі ісік ауруға пайдалы деп дөп басып айтып отыр. Алға қойған жоспарларым өте көп. Ол енді уақыт еншісінде. Елге келіп, сіздермен қауышу арман еді. Жерлестерімді көріп, бір марқайып қалдым. Сіздер аман болыңыздар. Мен сіздемен біргемін. Әлемнің түпкір-түпкірін шарласам да Торғай жеріндей болмайды екен. Осы елде туып, осы елде ер жеткеніме мақтанамын», – дейді академик.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жангелдин ауданы