“Автокөлік” республикалық жедел-алдын алу шарасы шеңберінде Қостанай қаласының криминалдық полициясының қызметкерлері Тобыл қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен. Бір айдың ішінде полицияға 9 автокөлік иесі көліктерінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Тұрғын үйлердің аулаларына түн мезгілінде қалдырылған ВАЗ маркалы барлық көлік ресейлік есепте тұрған.
– Таңертең иелері көлікті таппай полицияға жүгінген. Барлық деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық”бойынша сот тергеуі басталды. Қылмыс схемасы бірдей болғандықтан, полиция қызметкерлері талдау пунктерін пысықтай бастады. Рудный қаласындағы үйдің ауласынан бір көлік ұрланған, қалған 8-і облыс орталығында, – дейді Қостанай қалалық ПБ бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қылмыстарды жасады деген күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында барлық көліктер тәркіленді.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен Қостанай қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.