Қазақтың ішкі туризмін қайтсек дамытамыз деп жүрген жандардың бірі өлкетанушы Амандық Әмірхамзин. Ол «Тылсым Торғайға тур» жобасының авторы. Өзге жерді емес, Торғай жерінің қызықтарын таныта түскісі келеді. Жалпы туризмді жан-жақты зерттеп жүрген азамат. Әлеуметтік желіде жариялайтын жазбалары да қызықты. «Тылсым Торғайға тур» жобасы жайында, оның идеясы жөнінде тілшімізбен сұхбатында:
–Осыдан біраз уақыт бұрын, туризм саласын зерттеген, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамда жұмыс істеген едім. Жұмыс барысында туризмнің, оның ішінде Қазақстанда ішкі туризмнің дамуын зерттеген болатынбыз. Сонда байқағаным, жалпы елімізде туристерді шетелге апару жолға қойылған, ал өз еліміздің ішкі туристеріне жағдай жасау, оларға қызмет көрсету әлі де ақсап жатқанын білдім, – дейді Амандық. Осы жайлы газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.