Танымал қоғам қайраткері Қостанайға келді

Танымал қоғам қайраткері Қостанайға келді

Қостанайға қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов іс-сапармен келіп, экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидаларының заңсыз азаматтарды тарту фактілеріне жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен  кездесу ұйымдастырылды.

Басқосуға Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ерлан Жалғасұлы Битанов, эконмикалық тергеу басқармасының басшысы, эконмикалық тергеу қызметінің майоры  Жандос Садықұлы қатысты.

Жазушы Жандос Ақжанов (шығармашылық бүркеншік аты Жан Ақжанов), Қызылорда облысы,  Қазалы ауданының тумасы. Көптеген жылдар бойы шетелде тұрып, бірнеше тілді жетік меңгерген.

«Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Твой ночной день», «Путь врача» сондай-ақ, «Степь и судьба», «Камни, сбитые с неба» сияқты кітаптардың авторы.

Жандос Ақжанов жүйелі түрде еңбек ұжымдарымен, қоғаммен салауатты өмір салтын ұстану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық сияқты өзекті тақырыптарды қозғап келеді.  Оның шығармаларында әрбір азаматтың басынан өткен әлеуметтік бағдар, өмірлік жағдайлар тақырыптары жан-жақты қамтылған. Ол туралы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу