16 мая, 2025
Азиададан Қазақ елінің қоржынына сегізінші алтын түсті

Азиададан Қазақ елінің қоржынына сегізінші алтын түсті

Қазақстандық каратэші Нұрқанат  Әжіқанов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекке қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алтын» үшін күресте Нұрқанаттың қарсыласы 2023 жылғы Азия чемпионы, Иорданиялық Хасан Масарвех болды. Қазақстан өкілі 8-0 есебімен жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

Бұған дейін  ол Непал мен қырғызстандық қарсыластарын жеңіп, жартылай финалда малайзиялық Рагонатхан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді.

Нұрқанат Әжіқанов әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы.

Осылайша, қазір Қазақстан активінде-2023 жылғы Азия ойындарының 57 медалі: сегіз алтын, 12 күміс және 37 қола.