Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алтын салды, деп хабарлады ҚР Сорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметінен.
Джиу-джитсудан ел намысын қорғаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта финалда Біріккен Араб әмірлігінің ө Мохаммед Аль-Суваидимен күресті.
Қазақстандық джиу-джитсу шебері қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.