Қостанай облысында «Қостанай жастары» бағдарламасы бойынша 952 өтініш келіп түскен. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істеді. Нәтижесінде 5 адамның өтініші мақұлданбады. Оған айлық табыс мөлшерінің асып кетуі және атында жылжымайтын мүліктің болуы себеп болды.
«Қостанай жастары» бағдарламасы аясында өңірлік комиссиялардың жұмысы аяқталып, ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде тізімдері жарияланды. Онда өткен, резервте қалған және бас тартылған азаматтардың есімдері көрсетілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Абылай-хан Кәкенов баяндап берді. Спикердің айтуынша, «Қостанай жастары» бағдарламасы бір реттік емес, келесі жылы да құжаттарды қабылдау жүзеге асырылатын болады.
«Бағдарламаның міндеті – өңірлерде жергілікті жерлерде жұмыс істейтін жастарды қолдау. Сондықтан іріктеу критерийлерінде өңірлік комиссиялар еңбек өтіліне, қатысушылардың табысына, некеде тұрған жылдарға, балалар санына, отбасында 1 және 2 топтағы мүгедектердің болуына баса назар аударылды. Резервтік тізімге енген адамдар қабылданбайды деген сөз емес. Резервтік тізімінде болған, бірақ өтпеген кез келген адам келесі жылға өтініш бере алады», – деді Абыла-хан Кәкенов.
Бүгіннен бастап негізгі тізімге өткен үміткерлер өтініш берген әкімдіктерге жолдама алу үшін жүгіне алады. Банк құжаттарды 2 қазанда қабылдай бастайды, жолдамалар 2 қазанда беріледі. Бағыттар 10 жұмыс күніне жарамды. Сондықтан 13 қазанға дейін біліктіліктен өту үшін «Отбасы банк» АҚ келу қажет.
«Комиссиялар балдық жүйе бойынша өңірлік кезеңде негізгі және резервтік тізімді қалыптастырды. Банкте тексеруден өтпеген жағдайда, нақты өңірдің негізгі тізімінен кандидаттар келесі өңірдің резервтік тізімінен қатысушыға жол береді. Егер бір өңірдің барлық өтінімдерін қарау аяқталғаннан кейін бос орын қалса, онда ол өтінімдердің ең көп саны берілген өңірге беріледі», – деді Абыла-хан Кәкенов.
Бағдарламаға қатысушы банктен біліктілік нәтижелері туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде тұрғын үйді таңдауға және тұрғын үйге арналған құжаттардың толық пакетін (Банктің ішкі құжаттарында айқындалған) ұсына отырып, банкке жүгінеді.
Әсел ҚИБАШ