Волонтерлер желісінің жұмысы қалай жолға қойылады?

Волонтерлер желісінің жұмысы қалай жолға қойылады?

Жуырда волонтерлікті мемлекеттік дамытуды қолдауды біржолға енгізу мақсатында республикалық маңызы бар 17 облыс пен 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешені басталады.
Қостанай облысы “Ұлттық волонтерлер желісі” бойынша қатысатын сегізінші аймақ болды.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

Абылай-хан Кәкеновтің айтуынша осы жұмыстарды ілгерлерілетуге алпыстан астам бастамашыл топ жұмыс істеп жатыр. 11 үкіметтік емес ұйым құрылды. Осы бағытта қызмет етіп жатқандардың саны он сегіз мыңнан асқан. Бұл дегеніміз істің алға басқанының көрінісі. Волентерлік желіні алға сүйреп жүрген мамандар да өң көзқарас қалыптасқан жағдайда ғана істің мәнді бола түсетінін ұғындырып келеді.

– Іс-шараның маңыздылығы Қазақстанда да, халықаралық аренада да волонтерлік салаға деген қызығушылықтың артуына байланысты, – деді өңірлік коммукациялар қызметі орталығында өткен брифинте “Ұлттық волонтерлік желі” заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна МИРОНЮК.

Бұл жол картасы осы саланы дамытудың жаңа кезеңін көздейді.

Іс-шара барысында волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобаларды анықтау, өңірлердегі волонтерлік саладағы өзекті мәселелер мен қажеттіліктерді талдау, ҮЕҰ, волонтерлік топтар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылау, “волонтерлікті дамытудың 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасына” ақпарат жинау сияқты тақырыптар талқыланады.

Жаңалықтармен бөлісу