Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады

Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.

Биыл төлеудің соңғы мерзімі жексенбіге сәйкес келетінін ескере отырып, төлеу мерзімі 1 қазаннан 2 қазанға ауыстырылды.

Есептелген салықтар бойынша алдағы төлемдерді “Esalyq Azamat” мобильді қосымшасы арқылы – “салық әмияны”(бұдан әрі “бюджетпен есеп айырысу”), “алдағы төлемдер” бөлімінде, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында көруге болады (Кaspi.kz, Halyk Bank) деп хабарлады ведомстводан.

Салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұлды есептеу жүргізіледі, уәкілетті органдар тіркеу іс-әрекеттерін шектеуді, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуын, борышкерді тұтқындауды, көлік құралын айыппұл салуға орналастыруды жүргізеді.

Алдыңғы кезеңдердегі салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан көруге болады www.kgd.gov.kz және “электрондық үкімет” порталында азаматтың ЖСН бойынша “электрондық сервистер”, “салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер” бөлімінде.

  Анықтама үшін: ағымдағы күні мүлік салығын төлеуге міндетті 312 262 салық төлеушінің 255 245 немесе 82% төледі.

Жаңалықтармен бөлісу