Кездейсоқ болған жағдай Рудный қаласында кішкентай баланың өмірін қия жаздады. Полиция аға сержанты Әділ Қадірбековтің жедел әрекеті сәбиді құтқаруға көмектесті.
Патрульдеу кезінде “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкері пәтерлерді аралап шықты. Бесінші қабаттан түсіп бара жатып, ол көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, төмен қарай жүгірді.
“Мен баласы бар әйелді көрдім, ол нәресте тыныс алмайтынын айтты. Мұнда барлық көршілер шықты. Мен “жедел жәрдемге” қоңырау шалдым, бір күн бұрын нәресте орындықтан құлап кеткені белгілі болды”, – деді полиция қызметкері.
Телефон арқылы дәрігерлер дереу әрекет ету керек деді. “Жедел жәрдем” кезекші дәрігерінің телефон арқылы берген хабарламаларын басшылыққа ала отырып, Әділ Қадырбеков реанимация жұмыстарын бастады.
Көрсетілген көмектің арқасында бала көзін ашып, тыныс ала бастады. Кейін ол жылы көрпеге оралды. Келген дәрігерлер полицейдің іс-әрекетінің дұрыстығын растады.
Баланың ата-анасы қызметкерге алғысын білдірді.
“Біздің ұлымыз бір жарым жаста. Көрсетілген көмектің арқасында ұлым есін жиып, алғашқы демін алды. Көп рақмет”, – деді баланың әкесі.
Енді нәресте өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер тексеру жүргізді, баланың жағдайы тұрақты.