Қостанайда үй маңынан басына оқ тиіп, ес-түссіз жатқан ер адам табылды

Қостанайда үй маңынан басына оқ тиіп, ес-түссіз жатқан ер адам табылды

Қостанайда үй маңынан басына оқ тиген ер адам табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Амангелді ауылында болған. Таңертеңгі сағат бесте үйлердің бірінің маңында басына оқ тиіп, ес-түссіз жатқан 35 жастағы ер адам табылған. Оны анасы тауып алып, дереу жедел жәрдем шақырған. Ал кейін басына пневматикалық оқ тиген ер адам ауруханаға жатқызылды.

“Оқиға орнын тексеру кезінде тіркелмеген пневматикалық тапанша табылды, оны кез келген жерден сатып алуға болады. Қару сараптамаға жіберілді. Қазір полиция іс жүргізу үшін мән-жайды тексеріп жатыр”, – деп мәлімдеді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтармен бөлісу