Аманкелді – 150. Балуаны түйе жеңіп алса, сәйгүлігі аламанда топ жарды

Аманкелді – 150. Балуаны түйе жеңіп алса, сәйгүлігі аламанда топ жарды

А.Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған өткен спорт жарыстары аяқталды.

Батыр атындағы ауданда өткен қазақ күресінде турнирінде балуандар екі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Жеңімпаздарды Қостанай облысының әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев марапаттады.

74 келіде:
3-орын – Ақжол Қазымбек (Арқалық қ.) – 500 000 теңге;
2-орын – Әбілқайыр Мәуленин (Қарағанды облысы) – 1 000 000 теңге;
1-орын – Әділет Ахметғали (Жамбыл облысы) – Автокөлік.
Сөйтіп, тойдың жүлдесіне тігілген бір көлік Жамбыл облысына аттанды.

+74 келіден жоғары салмақта 2-орын Асылан Сағитбекке (Арқалық қ.) ат мінгізілді. Ал жеңімпаз болған жергілікті балуан Елнұр Сәлімовке (Аманкелді ауданы) түйе берілді.

Бәйгеде бағы жанғандарға тиесілі сыйлықты аудан әкімі Талғат Карбозов табыстады.

Құнан бәйге (10 км):
3-орын – шабандоз Нұрасыл Ахметов, ат иесі Батырбек Ахметов (Қостанай қ.) – 300 000 теңге;
2-орын – шабандоз Аслан, ат иесі Мырзағали Тұрмағанбетов (Аманкелді) – 500 000 теңге;
1 орын – шабандоз Асқар Төребаев, ат иесі Қ.Тоқмурзин К. (Жітіқара) – мотоцикл.

Аламан бәйге (36 км):
5-орын – шабандоз Рауан Базарбай, ат иесі Сағындықов Ораз (Актобе облысы) – 200 000 теңге;
4-орын – шабандоз Елшат Ерлан, ат иесі Бестау Ғабдуахит (Жангелдин ауданы) – 300 000 теңге;
3 орын – шабандоз Нұрман Шаншар, ат иесі Медет (Солтүстік Қазақстан облысы) – 500 000 мың теңге;
2 орын – шабандоз Әбілмансұр, ат иесі Руслан Оспан (Ақмола обласы) – мотоцикл;
1 орын – шабандоз Ертарғын Әділхан, ат иесі Мырзағали Тұрмағанбетов (Амангелді ауданы) – автокөлік.

Мерейтой туралы толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу