Полицейлер Арқалық қаласының жанынан барымташылар тобын құрықтады

Полицейлер Арқалық қаласының жанынан барымташылар тобын құрықтады

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Арқалық қаласының полицейлерімен бірлесіп, еркін жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.

 

Олар ұсталардың алдында үш ірі қара малдың ақсын төлеп, 14 бас жылқы алып кеткен. Кейін 11 жылқы иелеріне заңды түрде қайтарылған.

 

Облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Дәндібаев жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Арқалық қаласы мен іргелес аудандардың бес тұрғыны ұсталғанын айтады. Олар бір ай бойы өңірдің шаруа қожалықтарының біріне тиесілі еркін жайылымынан мал ұрлап келген. Ұрланған мал Арқалық қаласының базарына сатылып отырған. Ұрылар таныстарына олжасын тірі күйінде саудалаған.

 

Күдіктілерден екі автокөлік, пышақ, арқан және басқа да қылмыстық құралдар тәркіленді. Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК 188-1-бабы 2-бабы «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық әрекеттерден келтірілген залал 3 млн теңгеден асты.

 

Полицейлер иелеріне малды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу