«Аманат»  – байқау жеңімпазы

«Аманат» – байқау жеңімпазы

Арқалық қаласынан келген «Аманат» командасы «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

 

«Байқауда төрт кезеңнен өттік. Команданы таныстырып, байқауға қатысудағы мақсат-міндеттер ортаға салынды. Еліміздің қай өңірінде орналасқанын айта келіп, қысқаша тарихи сипаттама берілді. Заң шеңберінде қатысушылардың білімі тексерілді.  Осылайша, топтық сайыста  байқау қорытындысы бойынша жеңіске жеткенімізге аса қуаныштымыз», – дейді команда команда капитаны Азатхан Шоқпатов.

ІІ орынды Ұзынкөл ауданынан «Сұңқар»командасы ие болды және  ІІІ орынды Сарыкөл ауданынан «Сұңқар-2» командасы иеленді. Командалар дипломдар және алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Байқауды «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырғанын айта кетейік. Онда облысымыздың қала-аудандарынан 12 команда бақтарын сынады.

Қамысты ауданынан «Руханият» командасы «Заң білгірлері» номинациясымен, Аманкелді ауданынан келген «Алаш елі» командасы «Өлкетанушылар тобы» номинациясымен, науырзымдық «Қасиетті мекен» командасы «Шығармашыл топ» номинациясымен марапатталды.

Науырзымдық Айнұр Ескендірова осындай байқаулардың жиі ұйымдастырылып тұруы мемлекеттік тілдің қоғамда кең қолданыс табуына септігі мол екенін айтады.

«Байқауға алғаш қатысуым. Тілімізді жоғары дәрежеде көрсету үшін осындай сайыстың өтіп жатқанына қуаныштымын. Осындай іс-шаралар арқылы қазақ тілі биіктерден көрініп, ұлттық болмысымызды дәріптейміз», – дейді ол.

Әсел ҚИБАШ

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

Жаңалықтармен бөлісу