Пойыз билеттері тағы қымбаттайды

Пойыз билеттері тағы қымбаттайды

2024 жылы пойыз билеттері тағы 7%-ға қымбаттайды деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, билет бағасы жыл сайын индекстеліп отырады.  Оны реттеп отыратын уәкілетті орган билет құнын  7 пайызға тағы көтеруді ұсынып отыр.

«Былтыр динамикалық баға белгілеу тарифін енгізген едік. Жолаушыларымызға билетті ерте сатып алуға мүмкіндік бердік. Бізде билеттерді сату 45 күн бұрын басталады. Егер азамат билетті сатылым ашылғаннан күннен бастап 10 күн ішінде сатып алса, оған 25 пайыз жеңілдік жасалды. Ал егер билет жол жүруге аз күн қалғанда сатып алынса, онда билет керісінше 25%-ға қымбатқа сатылды. Мұндай тариф былтыр 1 маусымға дейін болды. Өте ыңғайлы жүйе болғандықтан, адамдар билетті жеңілдікпен ертерек сатып ала бастады», – дейді Жолаушылар тасымалы басшысы.

Пойыз билеттері биылдың басында да 7%-ға өскенін еске сала кетейік.

Жаңалықтармен бөлісу