“Тобыл” плей-офф кезеңінде!

“Тобыл” плей-офф кезеңінде!

Футболдан УЕФА-ның Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың “Тобылы” солтүстік ирландиялық “Дерри Сити” командасын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Ойын алма-кезек шабуылдарға ұласты. Алаң иелері алғашқы ойындарына қарағанда ширақ қимылдады. Ойын бастала бергенде “Тобыл” ойыншысы айып алаңында тәртіп бұзып, он бір метрлік айып добы белгіленді. Алаң иелері мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. У.Патчинг кездесудің негізгі бөлігіндегі жалғыз голдың авторы атанды. Ойын экстра таймға жалғасты. Ол отыз минут кездесуде жеңімпазды анықтай алмады. Пенальти сериясында қақпашы Иван Коновалов қарсылас команданың екі ойыншысының соққысын қайтарды. “Тобыл” сапынан Иован Иличтің тепкен добы маңдайшадан кері қайтты. Осылайша қостанайлық команда пенальти сериясында 6-5 есебімен солтүстік ирландиялықтардан басым түсті. Енді “Тобыл” топтық кезеңдегі жолдаманы сарапқа салу үшін Чехияның “Виктория” Пльзень командасымен бақ сынайды.

Жаңалықтармен бөлісу