Оқу-ағарту министрі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мониторинг барысында мектептердегі интернет желісінің жылдамдығы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы бақыланды.
Қауіпсіздік шараларына да баса назар аударылып отыр. Облыста бас-аяғы 451 мектеп бар. Оның барлығы дерлік бейнебақылау жүйесіндегі ақпаратты 30 күн сақтай алады. 9 мектепте осы жұмыстар әлі де жетілдірілуде. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, өңірде 23 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.