Биыл Қостанайдың 65 көшесін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 53 аула қалпына келтірілмек.
Тұйық аллеяларды есептемегенде, биыл барлық көшелерді асфальтбетон жабынына көшіру міндеті қойылған. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев ресми парақшасында баяндады.
– «Береке» және «Аэропорт» жаңа шағын ауданын жалғайтын қаланың солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай халықаралық әуежайына кірме жол салуға кіріскенімізді хабарлағым келеді.Ол жердегі жұмыстар осы жылы аяқталады”, – деді қала әкімі.