Қостанай қаласының №11 орта мектептің әуесқой радио үйірмесінің тәрбиеленушілері Халықаралық чемпионатта 1 орынға ие болды. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен құрамалар қатысқанын атап өту кажет.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Үйірменің негізін қалаушы Ефанов Анатолий Дмитриевич. Радиостанцияның жетекшісі үнемі шәкірттерін өзінің тың идеяларымен шабыттандырып келеді.
Оның кабинетінде түрлі мақтау қағаздары мен медальдар ілінген және әлемнің ең алыс нүктелерімен радиобайланыс орнатылған. Эфирде жұмыс істей отырып, балалар әлемнің түрлі қалаларымен және елдерімен танысады, ағылшын тілі бойынша білімдерін дамытады және тереңдетеді, эфирде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады, радио таратқыш аппаратураның құрылысы мен жұмысын зерттей отырып, радиоаппаратураны жөндеу мен құрастыруда меңгеруде.
«Техникалық пәндерді меңгерген жастар – бұл еліміздің болашағы!», – дейді білікті ұстаз.