Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. «Мектепке жол» акциясы оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу мақсатында өткізіледі.
Биыл республикалық акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. Акция 2023 жылдың 30 қыркүйекке дейін өтеді. Білім басқармасы облыстың барлық азаматын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсету үшін үлес қосуға шақырады.
Акцияның барысы туралы ақпаратты әрбір қала/аудан бойынша білім беру ұйымдарының ресми сайттарында және келесі шұғыл желілер арқылы білуге болады:
Білім басқармасы – 8 (7142) 39-08-28;
Алтынсарин ауданы – 8 (71445) 34259;
Амангелді ауданы – 8(71440) 21583;
Әулиекөл ауданы – 8 (71453) 25120;
Денисов ауданы – 8 (71434) 22092;
Жангелдин ауданы – 8 (71439) 21577;
Жітіқара ауданы – 8 (71435) 25610;
Қамысты ауданы – 8(71437) 21517;
Қарабалық ауданы – 8(71441) 21292;
Қарасу ауданы – 8 (71452) 21528;
Қостанай ауданы – 8 (71455) 24376;
Меңдіқара ауданы – 8(71443) 21881;
Сарыкөл ауданы – 8(71451)22190;
Ұзынкөл ауданы – 8(71444)24235;
Федоров ауданы – 8(71442) 21904;
Бейімбет Майлин ауданы – 8(71436) 36754;
Науырзым ауданы – 8(71454) 21062;
Рудный қ. – 8(71431) 46778;
Лисаков қ. – 8(71433) 34361;
Қостанай қ. – 8(7142) 525428;
Арқалық қ. – 8(71430) 71950.