Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде айтып берді.
«Қаламыз барлық көрсекіштер бойынша өсіп келеді. Мәселен, көлік өндіру бойынша «Агромаш холдинг компаниясы» былтыр жеті жүзден астам көлік құрастырса, биыл бұл көрсеткіш мыңнан асып отыр. Инвестиция тарту көлемі жыл санап артуда. Орта және шағын кәсіпкерліктен түсетін салық көлемі 52 пайызды құрайды. Осыдай бизнес құрылымдарының саны бүгінде сегіз мыңға жетті. Соған байланысты қалада халық саны да артып, қазіргі таңда он мың бірлікті құрап отыр», – деген Марат Қонысбайұлы
КСК, Юбилейный, Қонай шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылыстары осы жылы аяқталатынын тілге тиек етті.