Жемісі жоқ ағашты көрсең, терек,
Бір отыннан баскага ол неге керек.
Теректің сымдай болған бойы құрысын
Түбінде түк болмайды болсаң зерек
М.КӨПЕЙҰЛЫ.
Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама, акын, казак әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғасы, бабадан қалған асыл сөз мұраларын жинақтаушы, этнограф, діни ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толып отыр.
Ғалымның мерейтойы еліміздің барлық облыстарында кеңінен аталып өтуде. Біздің өңірімізде де айтулы тұлға кең көлемде дәріптеліп жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Костанай өңірлік университетінде ғалымның 5 томдық таңдамалы жинағының тұсаукесері өтті. Осыған орай «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі аймағымыздың жоғары оқу орындары басшылары, ғалымдар, дін өкілдері, ұстаздар, кітапхана кызметкерлерінің басын қосып, «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол…» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялык-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған бабамыздың рухани дүниесі – әр қазақ үшін құнды мұра. Көп томдық «Сенімен Болашақ» РКБ кұрылтайшысы Нұркен Асановтың бастамасымен және М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолдауымен шығарылып отыр. Жинақта ақынның шығармалары жаңаша зерттеулер негізінде қайта қаралып, алдыңғы басылымдарда кеткен қателіктер түзетіліп ұсынылған. Кітаптың ерекшелігі – жаңа академиялық тұрғыда басылганы Еңбекті шығарудағы мақсат әрбір ұрпак, ата-ана, ұстаздар қауымы Мәшһүр бабадан нәр алсын деген ниет.
«Бүгінгі бес томдық жинақ өте құнды еңбек. Мәшһүр Жүсіп мұрасын насихаттау бағытында оның сөздерін Абай мен Алаш арыстарының айтқан нақылдары қатарында пайдаланып, қалай өмір сүру, қалай тәртіпті болу, адамды қалай сыйлау жайлы насихат ретінде қарастыруымыз қажет. Ұлт руханиятының темірқазығы саналатын Мәжһүр Жүсіп Көпейұлының мерейтойына орай жинақталған шығармалар жинағы осының дәлелі», – деді «Сенімен Болашақ» РКБ Қостанай облыстық филиалының басшысы Гүлжан Алпысбаева.
Абай атамыз: «Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарайды», –дейді. Ал МәшҺүр бабамыз:
«Жеткізер құлай, пенде қылса талап
Дүниені кім өткізер қолдан санап.
Үлгі жол – жақсылардың әрбір ісі,
Кітаптан қалмайды екен жанасалап», – деп рухани мұра ұрпақтар сабақтастығының үзілмесіне сенеді.
Әлеуметтік теңсіздік пен жастардың бакытқа жетуіне кесе көлденең тұрған ескі әдет-ғұрып екенін ерте түсінген ақын, қыздың болмысы мен еркіндігі туралы, қоғамдағы кұбылыстар мен карапайым қазақ ауылының тыныс тіршілігі жайында жазды. Қыз баланы күшпен тұрмысқа беру салтын құптамаған Мәшһүр Жүсіп «Дала уалаяты» газетінің 1890 жылғы кезекті санында: «һәм әбден ер жеткен соң, өзінен ризалық сұрап, ыктияр қылган жеріне берсе керек. Ер бала болсын, қыз бала болсын, өзді-өзі ыктиярласып қосылган соң бұлардан жанжал, ұрыс, талас анда-санда болмаса шықпайды және бір-біріне махаббатты болып, бұлардан туған бала һәм жаксы туады» деп білімсіздік пен теңсіздіктің етек алуына жол бермей, күресу керек екенін жазады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Мәдени мұра» бағдарламасымен қазақтың ауыз адебиеті жинақталған «Бабалар сөзі» жүз томдығы жарық көрді. Мұндай дүние ешбір халықта жоқ.Тіпті, ұзақ делінетін Манас жырын үш тәулік жырлайды. Ал сол бабалар сөзнің бүгінгі күнге жетуіне зор үлес қосқан тұлға – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
«Қазақ фольклорын XIX ғасырда В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев зерттеді. Бірақ олар ауыз әдебиетімізді Көпейұлынан артық білген жок. Сол кездегі әдебиетіміз араб, парсы, басқа да халықтардың философиясымен сабақтасып кеткен тұтас бір үлкен ғылым еді. Сол үлкен ғылымды көп елді аралаған, білім алған Мәшһүр Жүсіптің білуі заңды еді. Мәшекең фольклор жинаудың бірнеше түрін қолданған. Бірі экспедициялық, яғни барған-жүрген жеріндегі естіген әңгіме-дастандарының орфографиясын, стилистикасын тұтас сақтаған. Екіншісі деректі алушыны атап көрсетеді, ол деректі қайдан алғанын жазып көрсетті. Үшіншіден ол кісі жинап алған енбектеріне өзі талдау жасаған ғалым. Бүгінгі бес томдық кітапханаларымыздың қазақ тіліндегі қорын байытатын зор еңбек болды деп есептеймін», – дейді А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы.
Қазақ халқы ұрпақ жалғастыруға ерекше көңіл бөлген. Бұған Мәшһүр Жүсіп: «Суы жоқ жердің шөбі арам. Перзентсіз ердің малы арам. Еңбексіз ердің дәмі арам» деп, бала мен бала тәрбиесіне қатысты айрықша мән береді. Сонымен катар, ақын аптаның әр күніне атау беріп, сол күннің ерекшелігі негізінде имандылық, адамгершілік тәрбиесінің мәнін түсіндіруге тырысады әрі ерекше сипаттама береді. Мысалы: «Жексенбі күні денсаулық, дүйсенбі күні бақ-дәулет шалқиды. Сейсенбі күні дос өзгереді. Сәрсенбі күні пайда. Бейсенбі күні- дұшпаннан сақтан. Жұма күні садака бер. Сенбі күні періштелер көніл аударады». Мәшһүр-Жүсіп: «Баланың білгіш, өнерлі болуына әуелі ата-ананың жақсылығы себеп», – дейді. Отбасы тәрбиесі ата-ананың жас ұрпаққа рухани-адамгершілікті тәрбие беріп, бір-бірімен адал достай сырласып, үлгілі тәрбиесімен ерекшеленіп, жан-дүниесі таза, тек қана жаксылыққа ұмтылып, кез келген адамға көмектесіп, еліне, жеріне қызмет жасауды үйрету. Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Мәшһүр-Жүсіп адам бойындағы асыл касиеттерді кісіліктің туындап калыптасуының кұнары ретінде бағалайды. Кісіні калыптастыру үшін оның адамгершілік касиеті тереңге жайылып, осы кұнардан нәр алатындай дәрежеге жеткізу шарт деген. Рухани кемелдену жолындагы биік шыңға жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымыздан жарыққа шығару арқылы жете аламыз. Осындай ұлттық қасиеттер арқылы ғана біз ұлттық кодымызды сақтап қалатынымызды ақын өлеңінде тәптіштеп айтып отыр. «Бір иман, екі – ғақыл, үш – сабыр, төрт шүкір, бес әдеп» деп, бес қымбат деп әркайсының маңызына ерекше тереңнен толғауы тұнып тұрған ұлттық құндылық. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы бұл құндылықтар ұрпақ тәрбиесінде мәні зор болмақ.
Жинақтың тұсаукесерінен кейін «Сенімен Болашақ» РКБ Қостанай облыстық филиалының басшысы Гүлжан Алпысбаева бес томдықтарды аймағымыздың жоғары және орта оқу орындарына, облыстық, аудандық, қалалық кітапханаларға, мешіттерге тарту етті. Айта кетейік, кітаптар жинағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім-рухани ордаларына таратылып жатыр.
Қыдырбек Қиысханұлы
Суреттерді түсірген Багдат АХМЕТБЕКОВ