«Торғайдан түлеген талант: Батырланның шығармашылық әлемі»

«Торғайдан түлеген талант: Батырланның шығармашылық әлемі»

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Батырлан Сағынтаев жас та болса қыруар еңбек тындырып жүрген шалқар шабыт иесі.

Қаламгер Амангелді ауданының Есір ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасынан кейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі.

Шығармашылық жолы бірнеше бағытты қамтиды. Оның қаламынан туған «Торғай ақындарының антологиясы», «Батпаққара көтерілісі», «Тобыл –Торғай күйлері» атты кітаптары көптің сұранысына ие.

«Батырлар жырынан сусындап өстік. Әдебиетке деген қызығушылығымыз осыдан басталды. «Абай оқуларына» қатысып бағымызды сынадық. Талабымды ең алғаш өлең жазып ұштадым. Мектеп қабырғасында жүргенде айтыс өнеріне ден қойдым. «Жас тұлпар» оқушылар айтысына қатысып, аудан-облыс көлемінде бағым жанды. Осының бәрі қабілетімді танып, қолдау көрсеткен ұстаздарымның арқасы», – дейді Батырлан Жұмабайұлы.

blank blank blank blank blank

Тағылымды кеште жастарға кеш иесінің өмір жолы, шығармашылығы кеңінен  таныстырылып, алғашқы қадамына демеу болған тәлімгері, айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев, ұстаздары Ардақ Абдуллина, Шынар Әуезова, білім нәрімен бірге сусындаған үзеңгілес досы Рауан Терек жылы лебіздерін білдірді.

blank

«Батырланның қатарластарынан айырмашылығы — жан жақтылығы, әмбебаптығы. Студенттік кезеңнен бастап жөн жобасын көрсеткеннен кейін антологияны академиалық жинақ ретінде құрастырып шықты. Ғылым жағынан да жетістіктерге жетіп жатыр. Айтыстан да жеткен жетістіктері көп. Жазба поэзияда да өзіндік қолтаңбасы бар. Бірнеше дастандары жарық көрді. Мақтан тұтарлық шәкірттеріміздің бірі. Алдағы қадамдарына тек қана сәттілік тілейміз», – деді ұлағатты ұстазы Айбек Киікбайұлы.

Қаламгер жас буынның қойған сұрақтарына да жауап беріп, талғамды ойларымен бөлісті. Ы. Алтынсарин атындағы университеттің білім алушылары, «Қауырсын» жазба ақындар ұйымының мүшелері қаламгер ағаларына арнау өлеңдерін оқып, лайықты ізбасарлары екендіктерін танытты.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Кешті ұйымдастырушылар №2 облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасының қызметкерлері қорытындылап, қаламгерге және өлең-жырларын оқыған қауырсын қалам иелеріне естелік сыйлықтар тарту етті.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы