«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының қорытындысы бойынша Қостанай Allur зауытының Chevrolet Cobalt автокөлігі «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеңіске жетті.
Биыл іс-шараға қатысушылардың рекордтық саны 200-ге жуықтаған болатын. Олар «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинацияларында жеңіске жету үшін бақтарын сынады.
«Бұл модельді біз өз зауытымызда асыға күттік. Chevrolet брендінің өндірісі Cobalt жыл сайын қазақстандықтардың назарын өзіне аударатынын түсіндік. Бұл таңдау автокөліктің қолжетімді бағасы мен сапасына байланысты жасалатыны түсінікті. Біз сенімдеріңіз үшін барлық автокөлік әуесқойларына үлкен рахметімізді білдіреміз», – деді GR және PR қызметінің басшысы Ерлан Төлетаев.
Айта кетейік, Chevrolet Cobalt үшінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең өтімді автокөліктердің тізімінде алдыңғы орында келе жатыр.
Сарапшылардың мәліметінше, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында 15 мың қазақстандық Chevrolet Cobalt көлігіне таңдау жасаған.
Былтыр да бұл модель «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеңіске жеткен еді. Енді зауыт байқаудың республикалық кезеңінде өңірді таныстыратын болады.