Жақында «Шағала» балалар-сауықтыру лагері базасында өткен «Менің Отаным – Қазақстан» аймақтық туристік слеті өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара жылдағыдан ерекше ұйымдастырылып отыр. Командаларға орман алқабының аумағы бойынша бөлінген квест элементтері бар туристік кедергілер белдеуі ұсынылды. Екі күндік спорттық және шығармашылық сайыстар қатысушылардың ешбірін бейжай қалдырған жоқ.
Қатысушылар қатарын Қостанай облысы мектептері мен колледждерінің әскери-патриоттық клубтары құрады. Туристік слеттің мақсаты – жастарды туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу, спорттық жарыстар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мен достықты нығайту, – дейді ұйымдастырушылар.
Слеттің жұмысы лагерь форматын қамтыды. Лагерь базасының аумағында қатысушыларға арналған түрлі-түсті шағын палаткілер құрылып, келушілер тамақтанды.
Бірінші күнгі сайыс заманауи мультфильмдердің кейіпкерлерінің қатысуымен «кедергілер жолағы» квестінен тұрды. Содан кейін кешке қатысушылар туған өлке және туристік тақырыптағы әндер орындап, шараның көрігін қыздырды.
Келесі «Туған жер туралы аңыз» байқауы өткізіліп, алау маныңдағы қорқынышты оқиғалармен тәмәмдалды.
Шараның екінші күні қатысушылар от жағу, ережелер бойынша шатырды бөлшектеу және орнату, арқандардан түйін түю, эстафета ойыны жүргізіліп, әрі қарай капитандар сайысымен жалғасты.
Тартысты өткен туристік слеттің қорытындысында жүлделі бірінші орынды «Жанұя» балалар үйінің мемлекеттік мекемесінің «Эдельвей» командасы иеленсе, екінші орынға Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің қатысушылары лайық деп танылды. Ал, үшінші орынды Қостанай Қазтұтынуодағының жоғары экономика колледжінің студенттері алды. Оларға қаржылай сыйлық берілді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға медальдар мен ынталандыру сыйлықтары ретінде көрпелер салынған туристік сөмкелер табысталды.
Гүлжихан ЕРМҰХАНОВА, Гүлдірайхан ЕРМҰХАНОВА,
ҚӨУ-нің студенттері.