2 июня, 2025
КСК шағын ауданында өрт шықты

КСК шағын ауданында өрт шықты

Қобланды батыр көшесі 31/1 мекенжайындағы жалпы аумағы 400 шаршы метр болатын иесіз ғимарат отқа оранды.

Белгілі болғандай, бұл жерде макулатура сақталған қойма болған. Оқиға орнында 7 техника мен 30 қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Қауіпсіздік мақсатында «Жылу энергетика орталығы» мен «GAZAIMAQ» (электр және газбен жабдықтау) апаттық бригадалары тартылған.