29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Бүгін, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Апат кезінде шахтада 252 кенші болған, оның 208-і құтқарылған,ал 18-і медициналық көмекке жүгінген. Шахтада 23 кенші қалды.

Қазіргі таңда, Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 21-ге жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

https://t.me/aqorda_resmi/13004

Жаңалықтармен бөлісу