Лисаковта он отбасы баспаналы болды

Лисаковта он отбасы баспаналы болды

Алғыс айту күніне орай Лисаковта қала әкімі Абай Ибраевтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Лисаковтықтарды құттықтаған шаһар басшысы Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен құрметінің нышанына айналғанын атап өтті.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті бұл мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында ұсынды. Біз оны жетінші жыл қатарынан атап өтудеміз. Халық тарихының көптеген беттері ризашылықпен байланысты. Алғыс айту – ұлтымыздың мыңдаған жылдар бойғы жоғары моральдық құндылықтарының бірі», – деді Абай Сәрсенбайұлы.

Алғыс сөздерімен қоғамдық кеңестің төрағасы Игорь Нявко, Лисаков қалалық №4 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Любовь Кондражиу, кәсіпкер Афанасий Кан сөз сөйледі.

«Біз, әр түрлі этностардың өкілдері, Қазақстан бәріміз үшін ортақ жайлы, жылы әрі сенімді үйге айналғаны үшін тағдырымызға алғыс айтамыз. Бізде бір ел және бір тағдыр бар деп мақтанышпен айта аламыз. Бізге бей-жай қарамағаны, мейірімділігі, қолдауы үшін бір-бірімізге құрмет пен ризашылығымызды білдіреміз, соның арқасында біз қиын кезеңдерді бастан өткеріп, рақымды қазақ жерінде достық, өзара көмек пен өзара түсіністіктің бірегей атмосферасын сақтай алдық. Қазақстанды өз Отанымыз деп санаймыз және оның өркендеуі үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», – деді Любовь Кондражиу.

Іс-шара барысында моноқаланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлері де ұмыт қалмады. Лисаков қаласы әкімнің Құрмет грамотасымен «Алтын Өмір» ЖШС слесарь-жөндеушісі Виталий Никольский, «Лисаков қалалық коммунэнерго» МКК басқарудың автоматтандырылған жүйелері қызметінің бастығы Олег Зубарев, Лисаков қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Азат Нұрғалиев, Лисаков қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Татьяна Шокурова, Лисаков қалалық ауруханасының психологі Наталья Папертная, Лисаков қалалық ТЖБ аға инженері Жәнібек Жыраевтар марапатталады.Салтанатты іс-шарадан соңы құрылысы 2021 жылы басталған тоғыз қабатты тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған отбасыларға табыс етілді. Бұл күні 10 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталды десек, олардың қатарында балалар үйінің түлектері, толық емес және көп балалы отбасылар бар.Абай Ибраевтың қолынан алғашқы болып кілт алған көп балалы отбасы Мария Зобкова өзінің әсерімен бөлісті. Олар қазіргі таңда үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.

«Бұған дейін біз жалдамалы пәтерлерде өмір сүріп келдік. 2017 жылы тұрғын үй кезегіне тұрдық. Басымызда баспанамыз болмағанына қатты уайымдап жүретінбіз, енді біздің өз баспанамыз бар. Мемлекет қолдауының арқасында үйлі болдық, біз үшін өте қуанышты сәт replica rolex sky dweller. Отбасымыз үшін өмірдің жаңа кезеңі басталды. Енді азғана қиындықтар ғана қалды»,- дейді көп балалы ана Мария Зобкова қуанышын жасыра алмай. Айта кету керек, қазір Лисаков қаласында 595 отбасы тұрғын үйдің кезегінде тұр. Былтыр желтоқсан айында көп балалы отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бес қабатты арендалық үйдің кілті табыс етілді. Сондай-ақ, мамыр айында әкімшілік ғимараттың бір жақ бөлігі медицина мамандарына берілетін болады. Қазір бес қабатты тұрғын үй салудың құндық-жобалық құжаттары әзірленіп жатыр. Алдағы жылы пайдалануға берілмек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Азиза Арнольд

Жаңалықтармен бөлісу