Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Бүгін Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы қаңтар оқиғасында жауынгерлік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жауынгерлер Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алды. Митингіні бөлім командирі ашып, шақырылған қонақтар қаңтар оқиғасын еске алып, сөз сөйлеп, бір минут үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды.

«Қаңтар оқиғасының қос батырына әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен жанқиярлығы естен кетпейді. Мемлекет мүдделерін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін lll дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Әр біреуіміздің жадымызда батырларымыз мәңгі есте қалмақ», – деп еске алды әскерилер.

Жаңалықтармен бөлісу