1993 жылғы сәуірде құрылғаннан бастап, Құрлық әскерлері еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Мемлекеттің қорғаныс қабілетінің сенімді тірегі мен негізіне айналды.
Экологиялық іс-шаралар марафоны басталды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды іс-шаралар өтеді.
Жылдың үздік әлеуметтік жобасы анықталады
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы үздік жобаның иесі «Парыз» байқауында белгілі болатынын хабарлады. Биылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау облыста бүгін өз бастауын алды.
Облыста «Еңбек жолы» байқауы басталды
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» байқауына қатысу үшін үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталғанын хабарлайды. Осы байқау арқылы өңірдің үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталмақ.
Қазақстанда жұмыс кезінде жарақат алу деңгейі төмендеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 293 жұмыскер зардап шегіп, олардың 40-ы қаза тапқан. Бұл көрсеткіш осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8% — ға төмен.