Қостанайдағы 66 97 әскери бөлімнің жеке құрамы да мемлекеттің болашағына қатысты саяси оқиғадан тыс қалмады. Олар нөмірі 27-ші референдум учаскесінде дауыс берді.
Референдум – демократияның басты институттарының бірі
Бүгін елімізде тарихи сәт. Халық референдум арқылы өз қалауын білдіріп жатыр. Таңертеңнен келіп, халқымыздың болашағы, азаматтарымыздың келешегі үшін азаматтық борышымды орындадым.
Мемлекет басшысы дауыс берді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Жастар сарайындағы учаскеде үш мезгіл концерт қойылады
Қостанайдағы №857 референдум учаскесіне тіркелген тұрғындар науқанға белсенді қатысып жатыр.
Облыс әкімі дауыс берді
Бүгін елімізде атом электр станциясын салу бойынша референдум өтіп жатыр. Қостанай қаласы №1 музыка мектебінде орналасқан №3 учаскесі таңғы 7-ден жұмысқа кірісіп кетті.
Қостанайда науқан қызу өтіп жатыр
Облыс орталығындағы Музыкалық мектепте орналасқан №3 референдум учаскесінде біраз жұмыс атқарылды. Қарқынды жабдықталған нысанда дауыс беру науқаны да қызу өтуде. Бұл туралы комиссия мүшесі Гүлхауан Әмірова баяндайды.
Арқалықтықтардың референдумға қатысу белсенділігі арта түсті
Қаладағы №103 референдум учаскесіне келушілер қатары жиілей бастады. Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасаған тұрғын – 89 жастағы Көшімбек Баданов.
Референдум – біздің өркениет жолындағы маңызды қадам
Энергетика саласының ардагері Үміт Баймұхамбетова Қостанай қаласындағы нөмірі 20-шы учаскеде дауыс берді. Ол бүгінгі саяси науқанды ел үшін маңызды шешім деп атады.
Арқалықта алғашқы қатысушы өз таңдауын жасады
Елімізде 6 қазанда өтетін референдум өз жұмысын бастады.
Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдум басталды
Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-де еліміздегі негізгі референдум учаскелері ашылды.