Былтырғы уәде бойынша ауыл халқы Рахмет ауылында өздері салып алған қарашаңырақта тағы да бас қосты. «Киелі жер – иесіз болмас» деген осы болса керекті.
Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы – әрбір жолы қазіргі заманның шынайы талаптары мен сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды әрі дер кезінде жарияланған құжат
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Жүргіншілер жолы қашан салынады?
Абай Олжабайұлы Қостанайдың солтүстік-батыс ауданының тұрғыны. «Алтын арман» шағын ауданындағы балаларына жиі қатынайды. Үй арасы өте алыс емес. Ол жаққа «Береке» ауданы арқылы апаратын жалғыз аяқ жол бар.
6 қазанда республикалық референдум өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қоғамдық сана өзгергенде – ел өзгереді
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Ұлт сапасын арттыру – ұлы міндет
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын алғаш рет көзбе-көз отырып тыңдадым. Бұл сәтті де өмір дәптерімнің әдемі бүктелген бір парағы дер едім…
Мемлекет басшысы медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты жағдайларды қатаң сынға алды
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Президент медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырғанын баса айтты.
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады
Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Мемлекет басшысы бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам екенін тілге тиек етті.
Президент “Электронды үкімет” платформасына назар аударды
Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. Президент Жолдауында «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажеттігін атап өтті.
Президент Атом энергиясын дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты
Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан Президент атом энергетикасын дамытуға баса мән беру қажеттігін тапсырды. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.