Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Белград қаласына жұмыс сапары аясында Сербия Үкіметі мен Парламентінің ресми тұлғаларымен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) отырысының жұмысына қатысты деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қостанайда киберспорт бірлестігі құрылды
Бүгінгі таңда киберспорт – қарқынды түрде қанат жайып келе жатқан салалардың бірі. Әсіресе, жастардың қызығушылығы жыл өткен сайын арта түсуде. Бұл сала инвесторлардың да назарын аудартып, маңызды ойын және қызмет түріне айнала бастады. Видео ойындарға деген қызығушылық артқалы ойыншылар мен командалар әлемдік аренада үлкен танымалдыққа ие болуда.
Су тасқынынан зардап шеккен 7 393 отбасына жаңа баспана берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендердің тұрғын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада басталады
4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші Республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары қатысады.
Нұрдәулет Жұмағали – Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.
Мереке күнгі марапат
Бүгін Қостанайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген мереке 2018 жылдан бері аталып өтіп келеді.
Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы
Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін құру, мемлекеттік тіркеу және тоқтату
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Қостанай қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
Осы Қостанай қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Қостанай қаласында көппәтерлі тұрғын […]
Өнер думанын тамашалауға шақырамыз!
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қостанай облысының өнерпаздары тамаша концерттік бағдарлама ұсынады.