Мемлекет басшысы егінді уақтылы жинап алу, еңбек өнімділігін арттыру және аграрлық салаға жаңа технологиялар енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатқа сай пайдалану маңызды екенін атап өтті.
Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетіне баға берді
Мемлекет басшысы Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округіндегі «Надеждинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
Президент KIA автомобиль зауытының құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды.
Мемлекет басшысы озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорынға оң баға берді
Бұдан соң зауытта еңбек ететін отандық жас инженерлермен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына барды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды.
Ұлттық Банк жалған полиграфиялық өнімдер – қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертеді
Қазақстанның Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған полиграфиялық өнімдер, нақтырақ айтқанда, қолдан жалған ұлттық валюта сату туралы жарнамалардың тарағанын ескертеді. Соның ішінде, мерейтойлық және «Сақ стилі» сериясындағы 10 000 теңгелік банкнота бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді
Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады.
Елімізде жеті мыңға жуық жұмыссыз азамат кәсіптік оқытудан өтті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтылған кәсіптік дағдыларды дамыту және жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуды ынталандыру туралы тапсырмасын ведомство қалай іске асырып жатқанын баяндады.
Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы 79%-ға жетті
Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі туралы баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 772 колледж 565 мың студентке білім беруде, атап айтарлығы оның ішінде 177 мың студент биылғы жылы оқуға қабылданған. 91 мың студент дуальды оқумен қамтылған.
Қостанайлық ұстаз «XXX Еуропалық ECER-2024» конференциясына қатысты
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Қабденова Кипрдің Никосия қаласындағы Кипр Университетінде өткен XXX Еуропалық ECER-2024 халықаралық зерттеу конференциясының куәсі болып келді.