Президент өз сөзін Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц пен осы елдің ірі бизнес өкілдеріне аталған форумға қатысқаны үшін ризашылық білдірумен бастады. Мемлекет басшысының айтуынша, Канцлердің ресми сапары қазақ-герман қатынастарында маңызды кезең басталғанын білдіреді әрі өзара ықпалдастықты тереңдету үшін мол мүмкіндікке жол ашады.
АЭХА басшысы Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздіктегі шешуші рөлін қолдады
Бүгін, АЭХА-ның Венадағы Бас конференциясының 68-ші сессиясы аясында бейбіт атомды дамытуға, елдің жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесіне және уранды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құрылыстағы заңсыз шығындар анықталды
Науырзым ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Емделушілер нені ескеру керек?
Жыл сайын өтетін науқан биыл екі апта бұрын басталып кетті. Ол 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Қостанай облысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 32 ұйым бар. Тұрғындар омылардың біріне тіркелуге мүмкіндік алмақ, деп хабарлады әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев.
Референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді
Облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмат Досмұхамедов “Қорғау” облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұжымы қызметкерлерімен кездесіп, атом электр станцияларының заманауи қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға әсері туралы егжей-тегжейлі түсініктеме берді деп хабарлайды “AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Жолдағы жағдай жоғарыдан бақыланады
Тәртіп сақшылары ұшқыштың көмегінсіз полиция, ТЖД қызметіндегі дрон аппараттарымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алды.
Қаржы пирамидалары туралы нені білу керек?
Қаржы пирамидасы, бұл – азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу әдетте азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді. Қаржы пирамидасын құру және оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Данияр Әбікенов Францияда өткен Халықаралық WorldSkills чемпионатында кәсіби шеберлігі үшін марапатталды
Данияр Әбікенов Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті. Оның Францияның Лин қаласында өткен 47 Халықаралық WorldSkills чемпионатында «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша кәсібилігі жоғары бағаланған.
Өңір басшысы Федоров ауданына іссапармен барды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында бірнеше нысанды аралап, жаңа жобалармен танысып, аудан халқымен кездесу өткізді.
Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды
Жергілікті басқарманың учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Қаринге жазатайым оқиға туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына барса, тереңдігі 4 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқаруға бірнеше адам жиналып қалған екен.