Бүгін Қостанайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген мереке 2018 жылдан бері аталып өтіп келеді.
Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы
Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін құру, мемлекеттік тіркеу және тоқтату
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Қостанай қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
Осы Қостанай қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Қостанай қаласында көппәтерлі тұрғын […]
Өнер думанын тамашалауға шақырамыз!
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қостанай облысының өнерпаздары тамаша концерттік бағдарлама ұсынады.
Төрт жүзден астам есірткі жарнамасының көзі жойылды
Қазіргі жастар қолы бос уақыттарында бұрынғыдай сереуендемейді. Ғаламтордың тұрақты тұтқынына айналып бара жатыр. Заңсыз бизнеспен айналысатын делдалдар да осы бағытқа көшкен сыңайлы. Аялдамалар мен қуыстағы үйлердің қабырғаларында есірткі жарнамасын жиі кездестіруге болады. Онда есірткіге делдалсыз қалай қол жеткізуге болатыны туралы ақпарат бар.
Бала өз ортасында жайлы сезінгенде ғана толыққанды білім алады
Білім күніне орай аутизм балаларға арналған орталықта өткен іс шарада “аутизм және басқа да психикалық бұзылулары бар балалардың күндізгі болу орталығының” психологы Марина Кимді әңгімеге тартқан едік. Маманның осы пікірін оқырмандармен бөліскенді жөн көрдік.
Жоғары білім берудің жаңа платформасы іске қосылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera платформасында болашақ педагогтерді сапалы даярлауға бағытталған бастаманың іске қосылғанын хабарлайды. Қазақстандық жоғары оқу орындары енді студенттерге жаңа білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен игеруге мүмкіндік беретін, студенттер мен магистранттарға арналған жеке білім беру траекторияларын (Learning Paths) құра алады.
Паралимпиададан тағы бір жүлде
Бұл жолы ядро лақтырудан Дастан Мүқашбеков қола жүлдегер атанды. Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола бар. t.me/sportzhaily
2025-2026 оқу жылында қолданысқа енгізілетін жаңа оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды
2025-2026 оқу жылы қолданысқа енгізілетін 4-сыныптарға арналған оқулықтар қоғамдық талқылауға шығарылды. Ол үшін Білім мазмұнын сараптау орталығының https://bmso.kz сайтындағы «Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөліміне өту керек, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.