Қостанайдан шығаберістегі жазық алаңда алдағы жылдары екі бірдей шағын аудан пайда болмақ. Әулиекөл тас жолының маңындағы алаңда осы бастаманың ашылуы сән-салтанатымен ұйымдастырылды. Қазақстандағы танымал жұлдыздар – «Ирина Кайратовна» тобы, The Kitchen Songs және Назима атты әншілер шақырылған іс-шарада көрер қызық аз болған жоқ.
Қостанай облысына 1 млрд доллардан астам инвестиция тартылған
Кейінгі екі жылда өңірге 1 млрд АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылған. Аймақтың әлеуеті жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайда өтіп жатқан инвестфорумда сөйлеген сөзінде айтты.
Бүгінгі форумның ел экономикасына әсері мол
Қостанай облысының экономикасы жылдан-жылға өркендеп дамып келе жатыр. Бүгінгі форумның сол үрдістің одан әрі өркендеуіне әсері мол.
Қостанайда жүк көліктерінің бөлшектері шығарылады
Қостанайдағы инвестфорум аясында қонақтарға KamLit KZ зауытының жұмысы таныстырылды. Зауыт келер жылы толық іске қосылады.
Су мәселесі «құрғамай» тұр
Көктемгі қызыл судың кесірі Алтынсарин ауданына да тиді. Силантьев ауылына шеткері орналасқан жеті тұрғын үйге су кіріп кетті.
Обаған ауылында жаңа үйлер салынып жатыр
Жобаны жүзеге асырып жатқан – «Теплодом Костанай» ЖШС. Іші жарық, бөлмелері кең, қыста жылы баспаналар кезекті тұрған аудан тұрғындарына берілмек.
Александр Зуев – «Тобыл» ойыншысы
Қостанай футбол мектебінің тәрбиеленушісі туған клубымен келісім-шартқа отырды деп хабарлайды “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметінен.
Щербаковта демалыс орны ашылды
Munchen демалыс орнының аумағы аса үлкен емес. Демалуға қолайлы кешеннің ауасы жанға жайлы. Он бес адамдық қонақ үйі мен әртүрлі ассортименті бар рестораны осы өңірдің тағы бір брендіне айналғалы тұр.
Қостанай облысының полицейлері 8 келі марихуана тәркіледі
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері марихуана есірткі заттарын заңсыз өткізуді жүзеге асырған Қостанай облысының тумасы, 50 жастағы ер адамды ұстады.
Большой Чураков ауылына газ берілді
Алтынсарин ауданының орталығына іргелес осы бір елді мекен көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді. Негізі бұл бастама осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынып, кешеуілдеп қалған еді. Оған себеп өңірдегі табиғи шикізат қорының жеткіліксіздігі.