Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде облыстық семинар ұйымдастырылды. Оған облыстағы колледждердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие психологтары қатысты.
Театрдағы тұңғыш Алтынсарин
Ілияс Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрында «Дала шамшырағы» спектаклі жүріп жатыр. Сахнаға Мейрам Жапаров – Ыбырай Алтынсарин шыққанда көрермен залы қозғалақтап, бір дүр етіп басылды. Тарихтың бір мезгілінде қалғып кеткендей, дамудың жолына түскен өзге жұрттан оқшау қалған ұлы далаға заманауи білімнің дәнін себу кемеңгерге оңай болмаған. Әр сөзінің салмағы қорғасындай ауыр, маңызды, мойны озық […]
Қостанайлық ерікті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIIІ сессиясына қатысты
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIIІ сессиясы өтті. Биылғы тақырып – «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу». Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты. Олардың қатарында жерлесіміз Екатерина Гедзур да бар.
«АНА ҮЙІ» – аналарға пана
Түрлі жағдайлардың әсерінен жетім қалған балаларға қамқорлық қана емес, тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыларды қолдау мақсатында құрылған «Ана үйі» он жылдан бері қиындыққа тап болған аналарға психологиялық көмек көрсетумен айналысып келеді.
Кешегі күннен елес көп. Ақиқат неге ашылмай отыр?
Қазір тәуелсіз ел болдық. Қолымыз көп нәрсеге жетіп, рухани құндылықтарды сақтап қалу жолында күресіп жатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өткен екен. Содан бері тарихшыларымыз не тындырды? Келешекке қалдырар көрнекті дүние жасай алды ма? Осы жайында Қостанайға келген белгілі академик, тарихшы Ханкелді Әбжановпен сұқбаттасудың орайы келген еді.
Облыстың оңтүстік аймақтарында жүз шақты тұрғын үй салынады
Облыстың су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік өңірлерінде жүз қаралы тұрғын үй салынбақ. Баспана құрылысына еліміздегі ірі компаниялар да үлес қосуды жоспарлап отыр. Тұрғындарға пәтер алып беруге үкімет тарапынан да қаржы бөлу көзделген. Атқарылатын жұмыстардан жұртшылықты хабардар ету жұмыстары да белсенді жүргізіп жатыр. Облыстық басқарма өкілдері мен облыстық штаб басшылығы баспасөз мәслихатында осы жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: “Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру”
Президент қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізетінін айтты. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам баспақ.
Төтенше жағдай жарияланған өңір тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде рәсімделеді
Енді төтенше жағдай жарияланған өңірлерде атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар тиісті органдарға барып, құжат тапсырудың керегі жоқ. Базадағы тізім бойынша жеке куәлік арқылы жағдайы анықталады, сөйтіп тиісті көмек аударылады. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасы жаңартылады
Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының саны көбейтіліп, Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылмақ. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысатын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.