2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорны 18,8 мың жұмыскерге 4,5 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылғаны белгілі болған.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 251 ұйғарым беріліп, 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

“Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. 2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізді, оның барысында 8 122 бұзушылық анықталды. Еңбек саласында – 6 219,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 835, халықты жұмыспен қамту бойынша – 68”, – деп хабарлайды министрлік өкілдері.

Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Жаңалықтармен бөлісу