26 мамыр сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы бастау алады.
“Ана тілің алпыс тілге татиды”
AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалында «Miras» аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызымен кездесу өткізді.
Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер
Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап, ҚАЛМАҚОВ Ерлан Болатұлы Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, бұған дейін мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Қостанайда алғашқы конструктор-көлік тіркелді
Қостанайда Toyota маркалы автокөлік-конструктор заңдастырылды. Мұндай көліктер қосалқы бөлшек ретінде әкелінеді.
Қамыс өртінен эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды
Қостанайда қамыс пен шөптен шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, бұрын эвакуацияланған жақын маңдағы жеке сектордың тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Олжа сыйлаған ашық турнир
Жітіқара қаласында еркін күрестің негізін қалаушы Н. В. Балобановты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен XIV ашық облыстық турнир өтті.
Бүлдіршіндердің айтар назы бар
Тобыл кентіндегі «Алтын дән» мәдениет үйінің кіребірісінде қолөнер бұйымдарының көрмесі тұр. Қарап шыққан адамға өте қызық. Ішінде не жоқ дерсіз, бәрі бар. Барлығы да қолдан жасалған. Қуыршақтар, картиналар, кілемшелер, тіпті ұлттық киімдер мен қазақша бас киімдер де ілулі тұр. Аралап жүріп, ұлттық нақышта тігілген оюлы бас киімді алып, киіп көрдім. Шап-шақ екен.
Жастар сарайында жұмысссыз жастарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды
Қостанайдағы Жастар сарайында облыстық жоғары оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз жастарға арналған облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды
Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын «Строитель» тұтыну кооперативінің төрағасы Сергей Вячеславович Быковқа табыс етті.
Бас жүлде – Федоров ауданы
Жастар сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында 36-шы «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.