Биыл күзде Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Ауқымды іс-шараға дайындық шеңберінде облыс орталығында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде қала көшелерінде жас көшеттер отырғызылуда.
Елге ел қосылса – құт
Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардың тұрғындарын еліміздің солтүстігіне көшіру бағдарламасы өмірге келгелі он жылдай болды. 2017-2021 жылдары «Еңбек» бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерге көшу жұмыстары жүзеге асса, енді ол «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасына ұласты. Мұндағы мақсат не? Халық аз шоғырланған солтүстік өңірлерде жұмыс күші жетіспейді.