Үндістанның Дели қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатынан жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдемен оралды. Қостанай темір жол вокзалынан жүлдегерді жанкүйерлер, боксшының туған-туыстары мен достары, спорт басқармасының өкілдері қарсы алды.
Тоқаев: «Партиялар мен үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында кезектен тыс депутаттар сайлауында партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы басталды
Елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірлік күніне арналған бейнероликтер байқауы жарияланады
Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан халықтарының дәстүрлері» бейнероликтер байқауы басталмақ.
Қостанайлық ансамбль халықаралық байқаудан жүлдемен оралды
Қостанайдағы NIS-тің «HardChord» вокал-аспапты ансамблі «Dubai Music Festival» халықаралық байқауында II орынға ие болды.
«Қостанай таңы» ұйымдастырған бейнебайқаудың үздіктері марапатталды
«Қостанай таңы» газетінің ұжымы тағы бір тамаша жобаны қорытындылады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Армысың, әз-Наурыз!» ұжымдық бейнебайқау жарияланған болатын. Бүгін жүлдегерлері анықталып, редакцияда марапаттау рәсімі өтті.
Қоғамдық келісім – бейбітшілік кепілі
Қостанайдағы «Қоғамдық келісім»мекемесінде дәстүрлі діни конфессиялардың жетекшілері бас қосты. Қатысушылар «Конфессияаралық келісім – ұлттық бірлік принциптерінің бірі» тақырыбында пікір алмасты.
Тасқынға тосқауыл: сәуір айында қауіп күшеюі ықтимал
Су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындары уақытша қоныс аударуы тиіс. Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан және қала басшыларына осындай тапсырма берді.
Жеке тұлғалардың банкроттығы: ол туралы нені білу керек?
2022 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңына қол қойды. 3 наурыздан бастап, қарыздары бар, сол борыштарын өтей алмайтын азаматтардың банкроттыққа өтініш бере алатыны жария етілген еді. Осы жөнінде азаматтарға кеңінен ақпарат беруді жөн көрдік.
Әдеп жөніндегі уәкіл әр айдың соңғы сәрсенбісінде қабылдайды
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Қоқышев Сәкен Балғабайұлы мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды әр айдың соңғы сәрсенбісінде қабылдайды. Мекенжайы: Қостанай қ. Әл-Фараби д. 66. каб.204 телефон: 8 (7142) 530-830 Е-mail: s.kokishev@kostanay.gov.kz