15 мая, 2025
Шарапатты жобаның марапат пен құттықтауы (видео)
Бәрекелді!, Мереке

Шарапатты жобаның марапат пен құттықтауы (видео)

«Қостанай таңы» газетін бұрынғы қызметкерлері, зейнеткер аға-апаларымыз – Базылхан Жүнісов, Дөңасарова Мәрияш және Кодукупова Бәтия да барлық алдыңғы буын өкілдері секілді «Мерекелік сый-тарту» акциясы аясында марапатқа ие болды. Демеу көрсетуші – А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, экономика ғылымының кондидаты Гүлмира Дамбаулова.

Толығырақ
«Ауыл Аманаты»: шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі?
Басты жаңалықтар, Қостанай ақпарат

«Ауыл Аманаты»: шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі?

Қостанай облысында «Ауыл Аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Микрокредиттер ауыл тұрғындарына өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту немесе жаңа бизнес идеяларды қолдау және техника сатып алу үшін қолайлы шарттармен беріледі. Ауыл тұрғындарына, әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен табысы төмен адамдардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік жасалған. Толық ақпарат алу үшін кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне, аудандық […]

Толығырақ
«Мерекелік сый-құрмет»: апаларымыз ардақталды
Бәрекелді!, Мереке

«Мерекелік сый-құрмет»: апаларымыз ардақталды

Наурыз мейрамы қарсаңында «Қостанай таңы» зейнеткерлерін құттықтауды Қостанай қаласының Саясаткер әйелдер клубының төрайымы, облыстық Әйелдер күштері альянсының мүшесі, кәсіпкер Гүлвира Құдайқұлова сабақтады. Демеушіміз газетіміздің жас буыны үшін үлгілі із қалдырған үш бірдей апамызға сый-құрмет көрсетті.

Толығырақ
Әділ әрі ашық сайлау
Ел пікірі

Әділ әрі ашық сайлау

Сарыкөл ауданындағы №672 сайлау учаскесінде сайлаудың ашық, әрі әділ өтуін қадағаладым. Аудан тұрғындары бір кісідей таңдау жасады. Біздің учаскеде ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Сондықтан, мен бақылаушы ретінде сайлау әділ әрі өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Маржанкүл ТАЙЖАНОВА, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысындағы филиалының өкілі

Толығырақ
Ән мерекесі
Басты жаңалықтар, Мәдениет

Ән мерекесі

Лисаков қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында әншілер бақ сынап, думанды кеш өткізді. Бұл жоба  «Сахналық жекпе-жек» деп аталады. Өнерпаздар жергілікті композиторлардың әндерін дәріптеп, орындаушылық шеберліктері мен шығармашылық белсенділіктерін арттырды. Үміткерлер – аға буын әншілер. Байқауға облыс көлемінен үміт артып келгендер көп болды.

Толығырақ
Мерекемен ұласқан семинар
Мәдениет, Қостанай ақпарат

Мерекемен ұласқан семинар

Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №7 жалпы білім беретін мектебінде республикалық, қалалық ынтымақтастық жұмыс түрі негізінде «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» республикалық жоба аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Онлайн форматта  Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандары  қатысты.

Толығырақ